PISA 2025 жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдамасы

Төменде берілген негізгі бөлімдермен танысып шығыңыз немесе PDF форматындағы PISA 2025 жаратылыстану ғылымдары тұжырымдамасының толық жобасын жүктеп алыңыз.

Қысқаша шолу

PISA 2025 жаратылыстану ғылымдары тұжырымдамасы жаратылыстану бағытындағы пәндерде оқытылатын құзыреттерді анықтайды. Жаратылыстану ғылымдарына қатысты сұрақтармен, жаратылыстану туралы идеялармен айналысу және осыларды негізделген шешім қабылдау үшін пайдалану ‒ бұл білім алушылар үшін негізгі білім беру нәтижесі болып саналады. Жаратылыстану ғылымдары құзыреті жастардың ғылыми және технологиялық білімді пайдалануды талап ететін жағдайларда білуі, бағалауы және істей алуы маңызды деп саналатындарды анықтайды.

Жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдамасы үш жаратылыстану құзыретін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үш құзырет түрін сипаттайды. Ол сондай-ақ білім алушыларға осы құзіреттер үшін қажетті білімнің үш түрін, жаратылыстану бойынша сын-қатерлермен кезігетін үш басты контекстті және маңызды деген жаратылыстану ғылымы бойынша өзіндік ұстанымды сипаттайды.

PISA 2025 зерттеуі қатысушы елдер өз білім алушыларын жаратылыстану ғылымдарын түсінуге қаншалықты жақсы дайындайтынын және жаратылыстану ғылымдарының нақты білімді қалай қалыптастыратынын өлшейді. Бұл денсаулық пен қоршаған орта сияқты жаратылыстану ғылымдарына қатысты құбылыстар туралы негізделген жеке шешім қабылдауды қажет ететін азаматтар үшін олардың отбасы, жергілікті қауымдастықтарда және жалпы қоғамда іс-шараларға қатысу үшін өте маңызды. Бұл әсіресе Жердің жүйелеріне адамның әсері айтарлықтай күшейген Антропоцен дәуіріне еніп, белгісіз болашаққа тап болған 21 ғасырда өте маңызды. Бізде осылардың әсерімен жұмыс жасау міндеті тұрғандықтан, жаратылыстану ғылымдары туралы білім жеке, аймақтық және жаһандық деңгейде маңызды.

PISA-2025 циклындағы жаңашылдықтар

Жаратылыстану сауаттылығын бағалауға арналған алдыңғы PISA циклдерінің тұжырымдамалары білім берудің нәтижесі және жаратылыстану ғылымдарын бағалаудың басты түсінігі ретінде «жаратылыстану сауаттылығы» түсінігін енгізді. PISA 2025 циклінің тұжырымдамасы бұдан кеңірек. Құжаттың басты назары математика мен оқу сауаттылығына арналған тұжырымдамалармен сәйкестендіру үшін  «жаратылыстану сауаттылығына» емес,  жаратылыстану ғылымдарының жалпы оқу нәтижелеріне аударылады.

2025 циклдің тұжырымдамасын әзірлеу кезінде алдыңғы циклдердегі екі құзырет («Ғылыми зерттеуді бағалау және жобалау» және «Деректер мен дәлелдерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру») бір құзіретке біріктірілді: «Ғылыми зерттеу үшін жобаларды құру және бағалау, ғылыми деректер мен дәлелдерді сыни тұрғыдан интерпретациялау». Бұл өзгеріс жобалауды бағалауға көбірек көңіл бөлу үшін жасалды, өйткені эксперименттерді жобалаумен көп адамдар айналыспайды және екі құзырет те зерттеуге қатысу процесінің бөлігі ретінде қарастырылды.

Қазіргі уақытта қоғамда ақпарат көздерінің басым бөлігі Интернеттен болса, оның ішінде жаратылыстану ғылымы басым болып келеді, бұл білім алушыларға «шешім қабылдау және әрекет ету үшін ғылыми ақпаратты зерттеуге, бағалауға және пайдалануға» үйрету маңыздылығын айқын көрсетеді. Сол себепті осы үшінші жаңа құзырет қосылды. 

Құзіретке әсер ететін эмоционалды факторлар бойынша біраз өзгерістер орын алды: зерттеудің назары жаратылыстану ғылымдарына деген көзқарастан «жаратылыстану ғылымдары бойынша өзіндік ұстаным» деген кеңірек түсінікті зерттеуге бағытталды. Бұл түсінік білім алушылардың жаратылыстану ғылымдарына қатысуын жан-жақты сипаттай алады.

Соңында назарымыз тұрақтылық пен қоршаған орта туралы білімге бағытталады. Бұл элементтер «Антропоцен дәуірінде әрекет ету қабілеті» түсінігіне кіріктірілді, және бұл тұжырымдама осы түсініктің элементтері болып саналатын құзыреттерді анықтайды және олар PISA 2025 циклінде бағаланады.

Жаратылыстану ғылымдары бойынша құзыреттер

Контексттер

  • Жеке
  • Жергілікті/ұлттық
  • Жаһандық

Адамның бойынан келесі құзыреттер байқалуы керек:

Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру Ғылыми зерттеу үшін жобаларды құру және бағалау және ғылыми деректер мен дәлелдерді сыни тұрғыдан түсіндіру Шешім қабылдау және әрекет ету үшін ғылыми ақпаратты зерттеу, бағалау және пайдалану Жаратылыстану ғылымдары бойынша құзыреттер Қоршаған орта ғылымы бойынша құзыреттер

Жаратылыстану саласында білімі бар адам ғылым, тұрақтылық және технология туралы дәлелді пайымдауларға қатыса алады. Бұл үшін келесі құзыреттер қажет:

15 жастағы білім алушылардың бұл тапсырмаларды орындай алу деңгейі олардың жаратылыстану ғылымдары бойынша алған білімінің нәтижесін көрсетеді.

Жаратылыстану ғылымдары бойынша құзыреттер

Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру

Ғылымның мәдени жетістігі – біздің табиғат әлемі туралы түсінігімізді өзгерткен түсіндірме теориялар жиынтығы болып табылады. Сондықтан адамның материалдық дүниеде болып жатқан құбылыстарды түсіндіру құзіреті, ғылымның осы негізгі идеяларын білумен байланысты.

Білім алушылар төмендегі қабілеттерді көрсете отырып, табиғи және технологиялық құбылыстар мен мәселелердің түсіндірмелері мен шешімдерін тануы, құруы, қолдана және бағалай алуы керек:

  • Тиісті жаратылыстану ғылымының білімін еске түсіру және қолдану
  • Ақпаратты әртүрлі формада пайдалану және оны түрлендіру
  • Тиісті ғылыми болжамдар мен шешімдерді жасау және негіздеу
  • Модельдерді анықтау, құрастыру және бағалау
  • Материалдық дүниедегі құбылыстарды түсіндіретін гипотезаларды тану және дамыту
  • Қоғам үшін жаратылыстану ғылымы білімінің ықтимал салдарын түсіндіру

Ғылыми, технологиялық және қоршаған орта құбылыстарының түсіндірмелерін әзірлеу үшін, теорияларды, түсіндірме идеяларды, ақпаратты және фактілерді (пәндік білім) тек еске түсіру және пайдалану қабілеті аздық етеді. Ғылыми түсініктеме беру, сондай-ақ, мұндай білімнің қалай алынғанын және кез келген ғылыми мәлімдемелерге қатысты сенімділік деңгейін түсінуді талап етеді. Бұл құзыретті қалыптастыру үшін индивидтен мұндай білімді алу үшін ғылыми зерттеуде қолданылатын стандартты процедуралар мен тәжірибелер туралы білім (процедуралық білім) және ғылым шығарған білімді негіздеудегі олардың рөлі мен функциясын түсіну (эпистемиялық білім) қажет.

Жаратылыстану ғылымдары бойынша құзыреттер

Ғылыми зерттеу үшін жобаларды құру және бағалау, ғылыми деректер мен дәлелдерді сыни тұрғыдан түсіндіру

Білім алушылардың жаратылыстану ғылымдарын білу дегеніміз ғылыми ізденіс жүргізу талпынысын, оның ішінде оның қоғамда бағалануын және оның нәтижелерін жариялау сияқты міндеттемесін түсінуін білдіреді.

Білім алушылар ғылыми зерттеулерді құрып, оларды бағалап және оларға баға беріп, мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешу жолдарын және деректерді қалай түсіндіруді біліп, келесі қабілеттерді көрсетуі керек:

  • берілген ғылыми зерттеудің сұрағын анықтау
  • тиісті эксперименттік дизайнды ұсыну
  • эксперименттік дизайнның сұраққа жауап беру үшін дұрыс таңдалғандығын бағалау
  • әртүрлі формада ұсынылған деректерді түсіндіру, деректерге сүйене отырып тиісті қорытындылар жасау және олардың құндылығын бағалау

Бұл құзірет эксперименттік зерттеудің және басқа да ғылыми зерттеу түрлерінің (пәндік және процедуралық білім) басты ерекшеліктері мен жүргізу тәжірибесін, сондай-ақ ғылым алға қойған кез келген талаптарды негіздеудегі процедуралардың функциясын (эпистемиялық білім) білуді талап етеді. Ол сондай-ақ деректерді талдау немесе қорытындылау үшін негізгі математикалық құралдарды пайдалануды талап етуі мүмкін.

Жаратылыстану ғылымдары бойынша құзыреттер

Шешім қабылдау және әрекет ету үшін ғылыми ақпаратты зерттеу, бағалау және пайдалану

Соңғы он жылдықта ақпараттың көлемі мен ағыны және адамдардың осы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі бойынша бұрын-соңды болмаған өсу орын алды. Өкінішке орай, шынайы және сенімді ақпарат ағынымен қатар қате ақпараттың, тіпті жалған ақпараттың көбеюі байқалады. Дұрыс және бұрмаланған ғылыми ақпаратқа келетін болсақ, барлық азаматтарға ғылымға қатысты кез келген мәселенің айналасындағы ақпараттың сенімділігі мен құндылығын бағалау үшін құзырет қажет.

«Ғылыми» деп мәлімделген ақпарат бойынша ешқандай нақты дәлелдер болмаса да, тіпті оның керісінше сенімсіз екеніне дәлелдер бар бола тұра, адамдардың мұндай ақпаратқа оңай сенуі алаңдатады. Ғылыми білімі бар адам мүдделер қақтығысының бар-жоғын, қалыптасқан ғылыми консенсус бар-жоғын және дереккөздің тиісті сараптамадан өткендігін сұрауға тырысатын скептикалық позицияны дамытудың маңыздылығын түсінуі керек.

Бұл құзіреттің негізінде ғылымның қоғамдық құрылым екенін және оның мінсіз емес екенін түсіну жатыр. Жеке ғалымдар немесе топтар қателесуі мүмкін болса да, қауымдастықтың шығарған консенсусы сенімдірек, өйткені ол бірнеше қайта тексерістен өткен қауымдастықтағы кең ауқымды сараптаманың жемісі болып табылады. 

Білім алушылар келесі қабілеттерді көрсете отырып, әртүрлі формадағы және контексттегі ғылыми ақпаратты, мәлімдемелер мен дәлелдерді зерттеп, бағалауы және тиісті қорытындылар жасауы керек:

  • Ғылымға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдауда маңыздылығы немесе құндылығы болуы мүмкін әртүрлі ақпарат көздерінің (ғылыми, әлеуметтік, экономикалық және этикалық) құндылығын және олардың дәлелді немесе шешімді сүйемелдейтінін іздеу, бағалау және хабарлау
  • Сенімді ғылыми дәлелдерге, сарапшыларға және керісінше сарапшы қорытындысы жоқ пікірге негізделген тұжырымдамаларды ажырату және бұл айырмашылықтың себептерін көрсете білу
  • Деректер жиынтығынан тиісті ғылыми қорытындыны көрсету үшін дәлел келтіру
  • Ғылымға қатысты дәлелдемелерде жиі кездесетін қателіктерге сыни көзбен қарау, мысалы: қате болжамдар, себеп және байланыс айырмашылығы, қате түсініктемелер, шектеулі деректерден жалпылама қорытынды шығару
  • Заманауи мәселелерді шешуге немесе тұрақты дамуға ықпал ететін ғылыми дәлелдерді (жеке немесе жалпыға ортақ) пайдалана отырып шешімдерді негіздеу

Бұл құзырет білім алушылардың процедуралық және эпистемиялық білімге ие болуын талап етеді, бірақ сонымен бірге олар белгілі бір дәрежеде жаратылыстану ғылымдарындағы пәндік білімдеріне сүйене алады.

Мектепте цифрлық дағдыларды үйрену мүмкіндігі барлық жерде бірдей емес. ЭЫДҰ елдерінде оқушылардың

  • 54%-ы

    мектепте ақпараттың бейтараптығын немесе оның біржақтылығын тануды үйренгенін хабарлады.

ЭЫДҰ елдеріндегі білім алушылар жалпы мектепте оқу барысында келесі цифрлық дағдыларды үйренгенін хабарлады:

Ең жоғары көрсеткіш көрсеткен ел/экономика ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш Ең төмен көрсеткіш көрсеткен ел/экономика Фишинг немесе спам электрондық хаттарды қалай ажыратуға болатынын Іздеу нәтижелерінің тізіміндегі сілтемелердің астындағы қысқаша сипаттаманы қалай пайдалануға болатынын Ақпараттың субъективті немесе біржақты екенін қалай анықтауға болатынын Google, Yahoo және т.б. сияқты іздеу жүйесін пайдалану кезінде кілт сөздерді қалай пайдалануға болатынын Әртүрлі веб-беттерді қалай салыстыруға болатынын және үй тапсырмасын орындауда қандай ақпарат көбірек сәйкес келетінін шешуге болатынын Интернеттен алынған ақпаратқа сену керек пе, жоқ па, соны қалай шешуге болатынын Ақпаратты Facebook, Instagram және т.б. желілерде жалпыға қолжетімді етудің салдарын түсінуге 0 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100

Қоршаған орта ғылымы бойынша құзыреттер

Контексттер

  • Жеке
  • Жергілікті/ұлттық
  • Жаһандық

Адамның бойынан келесі құзыреттер байқалуы керек:

Адамның Жер жүйелерімен әрекеттесуінің әсерін түсіндіру Әртүрлі деректер көздерін бағалау және қоршаған ортаны қалпына келтіру және сақтау үшін креативті және жүйелік ойлау негізінде әрекет ету үшін негізделген шешімдер қабылдау Әлеуметтік-экологиялық дағдарыстардың шешімін іздеуде әртүрлі көзқарастарға құрмет көрсетіп, үмітпен қарау Қоршаған орта ғылымы бойынша құзыреттер Жаратылыстану ғылымдары бойынша құзыреттер

Қазіргі антропоцентристік әлемде өсіп келе жатқан жас буын климаттың өзгеру дәуіріндегі тұрақтылық мәселелерін шешу үшін бірқатар құзыреттерге ие болуы керек. Элементтері жаратылыстану сауаттылығы бағытында бағаланатын PISA 2025-те Антропоцен дәуірінде әрекет ету қабілеті тұжырымдамасының негізгі құзыреттеріне мыналар жатады:

Осы құзыреттердің әрқайсысы танымдық және танымдық емес элементтерден тұратын бірқатар қабілеттерден тұрады.

PISA-2018 нәтижелері бойынша ЭЫДҰ елдерінде, сәйкесінше, білім алушылардың және мектеп директорларының

  • 79%-ы

    климаттың өзгеруі және жаһандық жылыну туралы білетіндерін айтты

  • 88%-ы

    жаһандық жылыну және климаттың өзгеруі тақырыптары мектеп бағдарламасында қамтылғанын хабарлады

«Жаһандық деңгейде қоршаған ортаға қамқорлық жасау мен үшін маңызды» деп білім алушылардың

  • 78%-ы

    бұл сөйлеммен келісетіндерін немесе толықтай келісетіндерін атап өтті

Білім алушылар климаттың өзгеруі сияқты жаһандық проблемаларды шешуге көмектесе ала ма?

  • 57%-ы

    жаһандық проблемаларды шешуге үлес қоса алатынын айтты

  • 44%-ы

    олардың іс-әрекеті басқа елдердегі адамдарға әсер етуі мүмкін деп ойлады

Қоршаған орта ғылымы бойынша құзыреттер

Адамның Жер жүйелерімен әрекеттесуінен туындайтын әсерді түсіндіру

Бұл құзыретке ие білім алушы келесілерді орындай алады:

  • Қоршаған ортаға қатысты физикалық, тірі және Жер жүйелерін және олардың бір-бірімен қалай әрекеттесетінін түсіндіру
  • Уақыт өте келе адамның осы жүйелермен өзара әрекеттесуі туралы білімді зерттейді және қолданады
  • Уақыт өте келе осы жүйелердің адамға теріс және оң әсерін түсіндіру үшін осы білімді қолдану
  • Әлеуметтік, мәдени немесе экономикалық факторлардың осы әсерлерге қалай ықпал ететінін түсіндіру

Бұл құзіреттің элементтері 1-ші Жаратылыстану ғылымы құзыреті  (құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру) арқылы өлшенеді. Бұл құзырет пәндік те, процедуралық білімді де қажет етеді.

Қоршаған орта ғылымы бойынша құзыреттер

Әртүрлі ақпарат көздерін бағалау және қоршаған ортаны қалпына келтіру және сақтау үшін креативті және жүйелік ойлау негізінде әрекет ету үшін негізделген шешімдер қабылдау

Бұл құзыретке ие білім алушы келесілерді орындай алады:

  • Әртүрлі білім беру жүйелері мен көздерінен деректерді іздеу және бағалау
  • Қазіргі және болашақ ұрпақты ескере отырып, креативті және жүйелік ойлау негізінде, әлеуметтік, экологиялық және табиғи мәселелердің ықтимал шешімдерін бағалау және жобалау
  • Ақпарат негізінде, ортақ келісілген шешімдер қабылдау үшін жеке және ұжымдық түрде азаматтық процестерге қатысу
  • Мақсаттар қойып, басқа балалармен және ересектермен ынтымақтасады және әртүрлі ауқымда (жергілікті және жаһандық) қалпына келтіруші және тұрақты әлеуметтік-экологиялық өзгерістер үшін әрекет етеді

Бұл құзыреттің элементтері 2-ші Жаратылыстану ғылымы құзыретімен  (Ғылыми зерттеу үшін жобаларды құру және бағалау, ғылыми деректер мен дәлелдерді сыни тұрғыдан түсіндіру) және 3-ші Жаратылыстану ғылымы құзыретімен (Шешім қабылдау және әрекет ету үшін ғылыми ақпаратты зерттеу, бағалау және пайдалану) өлшенеді. Бұл құзырет пәндік, процедуралық және эпистемиялық білімді талап етеді.

Қоршаған орта ғылымы бойынша құзыреттер

Әлеуметтік-экологиялық дағдарыстардың шешімін іздеуде әртүрлі көзқарастарға құрмет көрсетіп, үмітпен қарау

Бұл құзыретке ие білім алушы келесілерді орындай алады:

  • Адамдар қоршаған ортадан бөлек емес, оның бөлігі болып табылатын (экоцентристік) дүниетаным негізінде бір-біріне және барлық түрлерге қамқорлық этикасына негізделген әрекеттерді бағалай алу
  • Қоғамның әділетсіздікті тудырған көптеген жолдарын мойындау және барлық адамдарға қоғам мен экожүйенің әл-ауқатының жақсаруына үлес қосуға мүмкіндік беру үшін әрекет ету
  • Әлеуметтік-экологиялық дағдарыстарға жауап ретінде жеке және ұжымдық түрде болсын табандылық, үміт пен тиімділікті көрсету
  • Мәселелерге қатысты әртүрлі көзқарастарды құрметтеу және зардап шеккен қауымдастықтар мен экожүйелерді қалпына келтіру шешімдерін іздеу

Бұл құзірет Жаратылыстану ғылымы бойынша өзіндік ұстаным түсінігімен өлшенетін элементтерді қамтиды, оның ішінде эпистемиялық сенімдер; басқа адамдарға, басқа тірі ағзаларға және планетаға деген қамқорлық пен алаңдаушылық білдіру; және әлеуметтік-экологиялық дағдарыстарды шешудегі тиімділік пен саналы әрекет ету сезімі. Бұл құзырет пәндік, процедуралық және эпистемиялық білімді талап етеді.

Қоршаған орта ғылымы бойынша құзыреттер

Антропоцен дәуірінде әрекет ету қабілеті

PISA 2025 зерттеуінде бағаланатын қоршаған орта ғылымы бойынша құзыреттер білім алушылардың жаратылыстану бойынша оқыған қоршаған ортаға қатысты оқу нәтижелерімен байланысты. Бұл құзырет өз кезегінде зерттеуде «Антропоцен дәуірінде әрекет ету қабілеті» деп аталады.

Антропоцен дәуірінде әрекет ете алатын адам адамзаттың Жер жүйелерін айтарлықтай өзгерткенін және мұны өзгертуді жалғастырып жатқанын түсінеді. Бұл адамдарды экожүйелердің бір бөлігі (бөлек емес) ретінде қарастыратын, тіршіліктің барлық түрлері мен өзара тәуелділігін мойындайтын және құрметтейтін әлемде өмір сүру және әрекет ету тәсілдеріне қатысты.

Антропоцен дәуірінде әрекет ете алатын жастар: 

  • климаттың өзгеруін, биоәртүрлілікті жоғалтуды, су тапшылығын және басқа да күрделі мәселелер мен дағдарыстарды шешу мақсатында жұмыс істегендіктен, олардың әрекеттері бағаланады, қолдау табады және тиімді болатынына сенеді
  • қоғам түрлі әділетсіздік түрлерін тудырғанын мойындайды және барлық адамдарға қоғамдастық пен экожүйенің әл-ауқатына үлес қосуға мүмкіндік беру үшін жұмыс істейді
  • әлеуметтік және экологиялық сипаттағы дағдарыстар кезінде үміттене, табандылық танытып, тиімді әрекет ете алатынын көрсетеді
  • алуан түрлі көзқарастар мен әртүрлі білім жүйелерін құрметтейді және бағалайды
  • қоғамдастықтың әл-ауқатын жақсартуға және тұрақты болашаққа әкелетін азаматтық процестерде басқа жастармен және әртүрлі жастағы ересектермен өзара әрекеттеседі
  • біздің қауымдастықтардағы барлық тіршілік иелерінің алдында тұрған күрделі мәселелерді түсіну және шешу үшін жергілікті және жаһандық ауқымда өздігімен және басқалармен жұмыс істейді

Бұл туралы ЭЫДҰ жұмыс құжатынан толығырақ мына жерден оқи аласыз.

PISA 2018 нәтижелері бойынша, ЭЫДҰ елдерінің оқушылары күнделікті өмірде экологиялық тұрақтылықты белсенді түрде қолдайтынын хабарлады:

  • 71%-ы

    үйдегі жылуды азайту немесе ауа кондиционерін қолдануды шектеу арқылы энергияны тұтынуды үнемдейді

  • 46%-ы

    бүкіл әлемде болып жатқан әлеуметтік мәселелер туралы веб-сайттарды оқиды

  • 45%-ы

    қымбатырақ болса да, этикалық немесе экологиялық себептерге байланысты белгілі бір өнім түрлерін таңдайды

  • 39%-ы

    қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша түрлі шараларға қатысады

  • 27%-ы

    этикалық немесе экологиялық себептерге байланысты кейбір өнімдерге немесе компанияларға қарсы болады

  • 25%-ы

    экологиялық немесе әлеуметтік мәселелер бойынша онлайн петицияларға қол қояды

Жаратылыстану ғылымдары туралы білім

Жаратылыстану ғылымдары саласының үш құзыреті келесі үш білім түрін қажет етеді:

PISA 2025 жаратылыстану ғылымы тұжырымдамасын құрайтын барлық үш құзыретті көрсету үшін оқушыларға жаратылыстану ғылымдарына қатысты барлық үш білім түрі қажет.

Жаратылыстану ғылымдары туралы білім

Пәндік білім

PISA 2025 жаратылыстану тесттері арқылы жаратылыстану ғылымдары бойынша білім мазмұнының тек белгілі бір бөлігін ғана бағалауға болады. Бағаланатын білім мазмұны физика, химия, биология, Жер және ғарыш туралы ғылымдар сияқты негізгі ғылым салаларынан таңдалады. Солай бола тұра пәндік білім: 

  • нақты өмірлік жағдайларға қатысы бар
  • бекітілген және пайдалылығы бар басты теориялардың ең маңызды ғылыми концепттерінен тұрады
  • 15 жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді

Адамдар физика және өмір туралы ғылымдар, Жер және ғарыш ғылымдарының тұжырымдамаларының құрылымын түсінуі керек және оларды білім элементтері өзара тәуелді және пәнаралық контексте қолдануы керек деген идеяны жеткізу үшін білім мазмұнының дескрипторларындағы "ғылымның" орнына "жүйелер" терминін қолданады. 

Пәндік білім бойынша толығырақ оқу үшін төмендегі батырмаларды пайдаланыңыз.

Жаратылыстану ғылымдары туралы білім

Процедуралық білім

Процедуралық білім деп ғалымдар сенімді және жарамды деректерді алу үшін қолданатын стандартты процедуралар мен тәжірибелер туралы білімді айтуға болады. Мұндай білім ғылыми зерттеу жүргізу үшін де, алынған мәліметтер негізінде жасалған болжамдарды растау үшін пайдаланылатын дәлелдерге сыни талдау жүргізу үшін де қажет.

Тестілеуге болатын процедуралық білімге келесі мысалдар келтіруге болады:

  • Тәуелді, тәуелсіз және басқарушы айнымалыларды қоса алғанда, айнымалылар ұғымы
  • Өлшем ұғымдары, мысалы, сандық [өлшемдер], сапалық [бақылаулар], шкаланы, категориялық және үздіксіз айнымалыларды қолдану
  • Өлшемдерді қайталау және орташалау сияқты белгісіздік деңгейін бағалау және азайту әдістері
  • Дәлдікті (бірдей шаманың қайталанатын өлшемдері арасындағы сәйкестігі) және деректердің дәлдігін (өлшенген шама мен өлшемнің шын мәні арасындағы сәйкестігі) қамтамасыз ететін механизмдер
  • Кестелерді, графиктерді және диаграммаларды қолдана отырып, деректерді абстракциялау мен бейнелеудің кең тараған тәсілдері және оларды дұрыс пайдалану
  • Айнымалыларды бақылау стратегиясы және оның эксперимент жасаудағы рөлі немесе қате нәтижелердің алдын алу және ықтимал себеп-салдарлық механизмдерді анықтау үшін кездейсоқ бақыланатын сынақтарды пайдалану
  • Ғылыми сұраққа жауап беру үшін қолайлы зерттеу дизайнын таңдау, мысалы, эксперименттік, тәжірибелік немесе заңдылықтарды іздейтін; себеп-салдар байланысын орнатудағы бақылау құралдарының рөлі
  • Ғылыми қауымдастық тұжырымдамаларрдың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін қандай сараптамалық тексеру процестерін қолданады

Жаратылыстану ғылымдары туралы білім

Эпистемиялық білім

Эпистемиялық білім ‒ бұл ғылымдағы білімді құру процесіне қажетті құрылымдар мен анықтаушы сипаттамаларды және олардың ғылым құрған білімді негіздеудегі рөлін білу. Осылайша, эпистемиялық білім ғалымдар айналысатын процедуралар мен тәжірибелердің негіздемесін, ғылыми зерттеулерді басқаратын құрылымдар мен анықтайтын ерекшеліктерді білуді және ғылымның табиғат әлемі туралы мәлімдемелеріне сенудің негізін қамтамасыз етеді. Бұған келесілерді түсіну жатады:

  • ғылыми бақылаулардың, фактілердің, гипотезалардың, модельдер мен теориялардың табиғаты
  • ғылымның мақсаты мен міндеттері (табиғат әлемі бойынша түсініктемелер жасау және болашақ оқиғаларды болжау), оның технологиядан айырмашылығы (адам қажеттіліктерінің оңтайлы шешімін жасау)
  • ғылымның құндылықтары, мысалы, сараптамалық бағалау, объективтілік және біржақтылықты жою

Эпистемиялық білім, ең алдымен, білім алушы белгілі бір Эпистемиялық білімді қажет ететін сұрақты түсіндіріп, оған жауап беруді талап ететін контексте прагматикалық түрде тексеріледі. Мысалы, олардан қорытындылардың деректермен негізделгенін немесе қандай дәлелдер белгілі бір тақырыпта алға қойылған гипотезаны жақсы қолдайтынын анықтап, себебін түсіндіруді сұрауы мүмкін.

Негізінде Эпистемиялық білім төрт элементтен тұрады:

  • Ғылымдағы модельдердің рөлі
  • Ғылымдағы деректер мен дәлелдердің рөлі
  • Ғылыми пайымдаудың табиғаты
  • Ғылыми зерттеулердің бірлескен және коммуналдық сипаты

Осы төрт элемент туралы толығырақ оқу үшін төмендегі батырмаларды пайдаланыңыз.

Жаратылыстану ғылымдары бойынша өзіндік ұстаным

PISA 2025 зерттеуінде жаратылыстану ғылымдары бойынша білім берудің негізгі тармағы ретінде өзіндік ұстаным ұғымын қосу белгілі бір қағидаға негізделді. Ол қағида бойынша жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім мен құзыреттер жастардың болашағы үшін маңызды әрі құнды болғанымен, тез өзгермелі әлемде белсенді азамат болу үшін және саналы әрекет жасау үшін адамның өзіндік ұстанымы болуы қажет. 

PISA 2025 зерттеуі жаратылыстану пәні бойынша білім алған адамның бойында табылуы керек жаратылыстану ғылымы бойынша өзіндік ұстаным ұғымының келесі тұстарын бағалайды:

Жаратылыстану ғылымдары әлеуетінің құрамдас бөлігі:
1. Эпистемиялық нанымдар ‒ ғылым мен ғылыми зерттеудің жалпы құндылықтары
2. Ғылыми әлеует (жаратылыстану ғылымының білімі, көзқарас, бейімділік, ресурстар, мінез-құлық үлгілері және әлеуметтік байланыстар)

Көзқарас құрылымдары:
3. Ғылымдағы өзіндік орын (ғылымға қатысты өзін-өзі сезіну, оның ішінде болашақта ғылымға қатысу)
4. Ғылыми өзіндік тиімділік
5. Ғылымды жақсы көру
6. Инструментальді мотивация

Экологиялық құрылымдар:
7. Экология туралы ойлау
8. Қоршаған ортаға алаңдаушылық
9. Қоршаған ортаны қорғау үшін әрекет ету

Бұл құрылымдар өзіндік ұстанымның үш негізгі өлшемін құрайды:

  • Ғылыми көзқарастар мен ғылыми зерттеу тәсілдерін қадірлеу
  • Жаратылыстану ғылымындағы өзіндік ұстанымның эмоционалды тұстары
  • Экологияны ойлау, ол туралы алаңдау және әрекет ету қабілеті

Осы өлшемдер туралы толығырақ оқу үшін төмендегі батырмаларды пайдаланыңыз.

Контексттер

PISA 2025 зерттеуі жаратылыстану ғылымдары мен экологиялық білімге қатысты сұрақтар мен мәселелерді көтеретін нақты контексттердегі құзыреттер мен білімді бағалайды. Бұл контексттер мектепте оқытылатын ғылымға қатысты контексттермен шектелмейді. Қайта олар 15 жастағы оқушылар алған және оқушылардың қызығушылықтары мен өміріне сәйкес келетін білім мен түсінікке байланысты таңдалады. Бұл контексттер алдыңғы PISA жаратылыстану сауаттылығы тұжырымдамаларының қолдану салаларымен сәйкес келеді.

Тест тапсырмалары келесі жағдайлар төңірегінде құрастырылған:

  • жеке, отбасы мен құрдастары (жеке)
  • қауымдастық (жергілікті және ұлттық деңгейде)
  • бүкіл әлемдегі өмір (жаһандық)

Технология мен экологияға қатысты тақырыптарды жалпы контекст ретінде пайдалануға болады. Тарихи контексттер білім алушылардың жаратылыстану ғылымдары бойынша білімін дамытуда процестер мен тәжірибелер туралы түсінігін бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін. Негізінен бағалау элементтері үшін контексттер ретінде пайдаланылатын жеке, жергілікті, ұлттық және жаһандық жағдайларда ғылым мен техниканың қолданылуына мыналар жатады:

  • денсаулық және ауру
  • табиғи ресурстар
  • қоршаған ортаның сапасы (қоршаған ортаға әсер етумен климаттың өзгеруін қоса алғанда)
  • қауіптер
  • ғылым мен техниканың тоғысуы (заманауи жетістіктер мен сын-қатерлерді қоса алғанда)

Контексттер мен олардың қолданылуы туралы көбірек білу үшін төмендегі батырмаларды пайдаланыңыз.

Мысалдар

Төменде PISA 2025 жаратылыстану ғылымдары бағытының кейбір тапсырмалары мысал ретінде келтірілген. Оларды көру үшін төмендегі батырмаларды пайдаланыңыз.